Жаңа Зеландия тұрғыны Ким Аллен 86 сағатта 500 км жүгіріп шыққан
47 жастағы Жаңа Зеландия тұрғыны Ким Аллен демалусыз ұзақ қашықтыққа жүгіруден дүниежүзілік рекорд орнатты. Ким 2009 жылы 486 км жүгіріп шықса, енді бұл жолы 500 км-ді еңсерген. Осындай қашықтықты бағындыру үшін Ким Алленге тоқтаусыз 86 сағат, 11 минут, 9 секунд жүгіруге тура келген. Ким Аллен өз жетістігі үшін қуанғаны соншалық, журналистерге сұхбат беру кезінде жүгірістен кейінгі жағдайын «кішкене ғана шаршағандығын» айтқан.
Бұл арақашықтықты Ким Аллен жаңазеландиялық «Омыртқа мәселесіне қарсы ұйымды» қолдау үшін жүгірген. Себебі, Ким Алленнің құрбысы аттан құлап инвалидтік арбаға танылған. Жүгірістен кейін Ким уақытын отбасымен бірге өткізуде. Ким Аллен Жаңа Зеландияда 45 жастан кейін танымал болған жалғыз әйел.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Егін жинау науқаны: 2,6 млн гектардан дәнді-дақыл жиналды
18.08.2026, 17:35
Әділетті қоғам құруда жастар саясатының маңызы зор
18.08.2026, 17:30
Қазақ тіліне арналған ЖИ моделі жасалып жатыр
18.08.2026, 17:27
Жол жөндеуге 5 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді
18.08.2026, 17:25
Оралда жаңа үлкен көпір салына бастады
18.08.2026, 17:22
Отандық кәсіпорын жылына 15 мың тонна құбыр шығарады
18.08.2026, 17:20
Сыр диқандары күзгі жиын-терімге дайын
18.08.2026, 17:17
Ресейде егін ору қиындап кетті
18.08.2026, 17:15