Абай Құнанбайұлының 170 жылдығына арналған «Абай әлемі» фестивалі мемлекеттік қызметшілер арасында өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай Құнанбайұлының 170 жылдығына арналған «Абай әлемі» фестивалі мемлекеттік қызметшілер арасында өтті

29.09.2015
Абай Құнанбайұлының 170 жылдығына арналған «Абай әлемі» фестивалі мемлекеттік қызметшілер арасында өтті

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысы Әлия Қайратқызы Ғалымова «Бүгінгі іс-шара – Қазақ халқының ұлы ақыны, дара тұлға Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналып отыр. Абай мұрасы - қазақтың алтын қазынасы. Ұлы Абай шығармашылығы бүгінгі күні қайта жаңғырып, ұрпақ тәрбиесіне өзіндік үлесін қосып келеді. Мұхтар Әуезов Абайды «Қазақ поэзиясының асқар биігі» деп атаған. Расында Абай өзінің поэзиясымен қазақтың көркем әдебиетін биікке көтерді. Әдеби тілді дамытып, қалыптастыруда зор еңбек сіңірді. Абай Құнанбайұлы ғасырлар бойы өзінің туған халқымен мәңгі бірге жасайтыны сөзсіз», – деп атап өтті  фестивальді ашу барысында.

Фестивальдің бағдарламасы 2 жарыс кезеңінен тұратын. Бірінші кезеңде алдын ала берілген тақырыптар бойынша эссе жазу.

Ұсынылған 18 эссенің ішінде 5 эссе үздік деп танылды.

Екінші кезең үш аталым бойынша өтті «Өлең – сөздің патшасы» («Абай өлеңдерін оқу»); «Құлақтан кіріп, бойды алар....» («Абай әндерін орындау») және «Абайдың қара сөздерін жатқа оқу».

Онда жеңімпаздар болған жоқ. Мемлекеттік қызметшілер ұлы ақынның шығармашылығы туралы ғажайып білімдерін көрсетті. Сарапшы мамандардың шешімімен фестивальдің барлық қатысушылары дипломдармен марапатталып, лауреат атанды, деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

 

 

 

Хабарламаларға жазылу