Бакуде Абай Құнанбаевтың 170 жылдығы атап өтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бакуде Абай Құнанбаевтың 170 жылдығы атап өтілді

26.10.2015
Бакуде Абай Құнанбаевтың 170 жылдығы атап өтілді

Баку Мемлекеттік университетінде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған шара өтті.

Осы шара аясында БМУ-ға барған Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің магистранты Гүлден Тонашанова «Абай Құнанбаев шығармашылығындағы жол поэтикасы» тақырыбындағы еңбегінің тұсаукесерін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 БМУ түркі әдебиеті кафедрасының профессоры Фируза Агаева қазақ әдебиетінің дамуындағы  Абай Құнанбаевтың рөлі жөніндегі баяндама жасады.

Сонымен қатар, Г.Тонашанова «Түрік халқының әдебиеті» курсы аясында қазақ әдебиетін меңгеріп жатқан БМУ филология факультетінің 3 курс студенттеріне Абай Құнанбаевтың шығармашылығы жөніндегі дәріс оқып, БМУ жанындағы Абай Құнанбаев атындағы қазақ мәдениеті орталығында болды.

Хабарламаларға жазылу