ШҚО-да «Абай әлемі» сериясымен жаңа кітаптар шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да «Абай әлемі» сериясымен жаңа кітаптар шықты

25.12.2023

«Абай әлемі». Осындай атаумен Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік тапсырыспен жаңа кітаптар жарыққа шықты. Соңғы 6 жылда дәстүрлі түрде шығып келе жатқан туындыларға шығыста туған қаламгерлердің туындысы енгізіліп келеді. Кітаптың таныстырылымы аясында «Тәуелсіздікке тарту» деген тақырыпта ақындар мүшайрасы да өтті.

Бошай Кітапбаевтың 100 жылдығана арналған жыр сайысына өңірдегі барлық аудан мен қаладан 12 ақын қатысты. Биыл алтыншы жыл ұйымдастырылған мүшайраның мақсаты өңірдегі ақындардың өлеңін насихаттап, қаржылай қолдау көрсету. Ал «Абай әлемі» сериясымен жарық көріп жатқан шығармалар жинағы өңірдегі барлық кітапханаларға таратылады.

Әлібек Қаңтарабев, Қазақстан жазушылар одағы облыстық филиалының директоры:

Абайдан бастап, Шәкәрімнен бастап, одан кейін Абай әлемінің негізгі мақсат-мұраты Абайдың ізін қуған шәкірттеріне шығармаларын дәріптеу. Жетпіс автордың кітабын шығардық, 170 мың кітап шығардық ,170 мың деген үлкен бір кітапхана. Енді ары қарай жалғастырамыз деп отырмыз.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу