Мәскеуде А.Құнанбайұлы мен М.Лермонтовқа арналған кеш өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде А.Құнанбайұлы мен М.Лермонтовқа арналған кеш өтті

05.11.2015
Мәскеуде А.Құнанбайұлы мен М.Лермонтовқа арналған кеш өтті
Шара кезінде кәсіби актерлер мен әншілер қос ақынның жырларын оқып, сахналандырылған көріністер қойды.

Тарихта ұзақ жылдар бойы өзінің шығармашылығы арқылы ел мен елді жақындастырып, ұлттарды табыстырып тұратын тұлғалар болады. Ол қазақта Абай болса, орыс жұртында Лермонтов.

Мәскеу қаласында Абай Құнанбайұлының 170 жылдығы мен Михаил Лермонтовтың 200 жылдығына арналған әдеби-музыкалық кеш өтті. Шара кезінде кәсіби актерлер мен әншілер қос ақынның жырларын оқып, сахналандырылған көріністер қойды.

Шараға келген меймандар, мұндай жиындар, екі ел арасындағы соңғы кездері нығайып келе жатқан мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан ары бекемдей түседі деген пікірлерін білдірді.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу