Оңтүстік Қазақстандық шаруалар «ақ алтынның» 32 пайызын жинап үлгерді
Терім науқаны басталған уақыттан бері 84 мың 500 тонна мақта терген шаруалар маусым соңына дейін бұл көрсеткіштерді жоспарға сәйкес, 265 мың тоннаға жеткіземіз, дейді.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының мәліметінше, «ақ алтын», негізінен Мақтарал мен Шардара аудандарында жиналып жатыр.
Ал Отырар, Түркістан және Ордабасы аудандарында жиын науқаны енді қыза бастаған. Мақтаның сатып алу бағасы өткен жылмен салыстырғанда біршама өсіп, 100-105 теңгеге жеткен.
«Ақ алтынның» қымбат бағада саудаланып жатқанына мақтаралдық шаруалар дән риза.
Айта өткен жөн, облыста 99,3 мың гектар жерге шиті мақта егілген. Шаруалар мақта алқабының әр гектарынан 26,7 центнерден өнім аламыз деп отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оралдықтар автобуста кітап оқи бастады
13.01.2026, 17:37
Ақтөбеде экологиялық мәдениет артып келеді
13.01.2026, 17:35
Түркістан облысындағы экотуризмге инвестор қажет
13.01.2026, 17:33
ШҚО жедел жәрдем қызметіне 36 автокөлік берілді
13.01.2026, 17:30
Алматыдағы алғашқы крематорий әлі жұмыс істемейді
13.01.2026, 17:27
Жамбыл облысында отыздай мектеп әбден тозған
13.01.2026, 17:25
Қызылорда облысында 110 отбасы мемлекеттен үй алды
13.01.2026, 17:22
Мәжіліс депутаттары тоқыма өндірісін сыртқы нарықтан қорғауға мүдделі
13.01.2026, 17:19