Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер енді өз өнімдерін елордаға делдалсыз жеткізеді

09.09.2015
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер енді өз өнімдерін елордаға  делдалсыз жеткізеді

Келісімде аталмыш компаниялардың ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің елорда нарықтарына тікелей қолжетімділігін қамтамасыз ететіндіктері айтылған.

Нақтырақ айтатын болсақ, «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының өкілдері  «ҚазАгро» холдингі компаниялар тобының қарыз алушылары қатарындағы шаруашылықтардың өнімдерін елорда нарықтарына өткізу үшін «Шапағат» коммуналдық базарынан сауда орындарын жалға береді.

Меморандум шеңберінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының өкілдері ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен «ҚазАгро» холдингінің өкілдерін коммуналдық базардағы орындар туралы ұдайы ақпараттандырып отырады.

Өз кезегінде «ҚазАгро» холдингі «Шапағат» коммуналдық базарында өз өнімдерін сатуға қатысу үшін холдингтің компанияларынан қаржыландырылатын барлық мүдделі агробизнес өкілдерін тартпақ.

«ҚазАгро» ұлттық холдингінің Басқарма төрағасының орынбасары Айгүл Мұхамадиеваның айтуынша, холдинг, сондай-ақ өзінің қарыз алушылары арасында елдорданың «Шапағат» базарындағы бос сауда орындары туралы мәліметтерді таратуға көмек көрсетеді, бұдан өзге, оның құрылымына кіретін қаржы ұйымдарының несие өнімдері туралы ақпараттарын ұсынады.

 

 

 

Хабарламаларға жазылу