Павлодарда Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында отандық өнім өндірушілердің жәрмеңкесі өтеді

28.12.2015
Павлодарда Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында отандық өнім өндірушілердің жәрмеңкесі өтеді

Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды. Агенттікке берген сұхбатында қалалық кәсіпкерлік бөлімнің ауыл шаруашылығы және тұтынушылар нарығын үйлестіру секторының меңгерушісі Арман Асипов хабарлағандай, өз өнімдерін әлеуметтік бағамен өңірдің барлық тауар өндірушілері жеткізеді.

«Мұнда азран бағамен Павлодарда шығарылған шұжықтан, жергілікті нан-тоқаш комбинаты өнімдерін сатып алуға болады. Өсімдік майының литрі 270 теңгеден, Шарбақты құс фабиркасынан жеткізілетін жұмыртқаның ондығы 205 теңгеден, қой және сиыр еті мың теңгеден және қазы 1 мың 200 теңгеден саудаланады. Тауар өндірушілер барлығы 10 бас сиыр мен жылқы етін, бес бас қой етін әкелуді көздеп отыр. Бұдан басқа, жаңа жылдық жәрмеңкеге тұрақтандыру қорынан төрт тонна қанттың келісі 180 теңгеден әкелінеді. Айта кетерлігі, көтерме дүкендердегі шекердің бағасы – 205-210 теңге, - дейді А. Асипов.

Бөлім басшысының айтуынша, сенбілік жәрмеңкедегідей қалалық кәсіпкерлік бөлімі әлеуметтік азық-түлікке белгіленген бағаның көтерілмеуін бақылайтын болады.

Хабарламаларға жазылу