Оңтүстік Қазақстан облысында  әлеуметтік сауда орындары ашылады

01.11.2017

Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласы мен барлық аудан орталықтарында ауыл шаруашылығы өнімдерін ешбір делдалсыз сататын әлеуметтік базарлар жасақталмақ. Мұндай сауда орындарына ауыл шарушылығы өнімдері  өңірдегі ірі қожалықтардан тікелей жеткізілетін болады. Бұл әлеуметтік маңызға ие азық-түлік тауарларының бағасын арзандатуға және оны тұрақты ұстауға ықпал жасайды.

Әлеуметтік сауда орындарының әр аптаның сенбісі мен жексенбісінде өткізілетін жәрмеңкелерден айырмасы - күнделікті жұмыс істейді. Әрі оларға бәсекелес болады. Осыған байланысты, облыс әкімі Шымкент қаласының аумағынан 1 жарым гектар жер бөлуді тапсырды. 

Жалпы, жыл басынан бері өңірде 77 жәрмеңке өткізілген. Онда 842 тонна азық-түлік тауары сатылған. Жергілікті тауар өндірушілер өндірген өнімін делдалсыз сату есебінен бағалар нарықтағыдан 15-20 пайызға төмен болған.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу