Елордада Түркістан және Алматы облыстарының ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Түркістан және Алматы облыстарының ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтті

07.09.2020

Жаз бойы тынбай еңбектенген шаруалар өнімдерін делдалсыз өткізуге мүмкіндік алды. Елордада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелер маусымы басталды. Өткен демалыс күндері Түркістан мен Алматы облыстарының шаруалары өнімдерін әкелді. Екі өңірден барлығы 800 тоннаға жуық өнім жеткізіліп, олар нарықтағы бағадан 15-20 пайызға арзан сатылды. Мәселен, сиыр еті 1700, жылқы еті 2000 теңгеден саудаланды. 

Айта кетейік, биыл эпидахуалға байланысты осы уақытқа дейін жәрмеңке өткен жоқ. Енді апта сайын жалғаспақ. Әр аптада әр өңірдің тауарлары сатылады. Тек тұрғындардың санитарлық талаптарды қатаң сақтағаны маңызды.

Нұрбек Бадырақов, Түркістан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Жеке қосалқы шаруашылықтар өз өнімдерін сатуда кедергілерге тап болады. Бұл жерде делдалдар көп пайда тауып жатыр. Сондықтан, бүгінгі жәрмеңкеде Түркістан облысынан 73 шаруа қожалығы өнімдерін елорда тұрғындарына өз бағасымен саудалауда.

Амангелді Сейітхан


Хабарламаларға жазылу