Президент ауыл шаруашылығы саласында шағын қожалықтарды қолдауды тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент ауыл шаруашылығы саласында шағын қожалықтарды қолдауды тапсырды

15.07.2022

Президент Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы саласында шағын қожалықтарды қолдауды тапсырды. Яғни, олардың өнімдері ірі сауда орындарында делдалсыз арзан бағада сатылуы тиіс.

Мемлекет басшысының бұл бастамасы Сыр өңірі диқандарын қуантып отыр. Өйткені, аграрлы аймақтың басты тіршілік көзі егін шаруашылығы. Облыста әлеуметтік маңызы бар ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге толық әлеуеті бар. Тек, бау-бақша, көкөніс дақылдарын өсіретін ауыл еңбеккерлеріне мемлекеттен қолдау жетіспейді. Енді, Президент пәрменінен кейін, шағын шаруа қожалықтары үшін өз өнімдерін нарыққа шығаруға мол мүмкіндік туады. «Егер осы жоба жүзеге асса, базардағы бағаның төмендейтіні анық» дейді сала мамандары.

Самалбек Қосанов, Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты:

Біз дайынбыз өзіміздің қала маңынан бастап немесе осы аудандардағы мысалы өзіміздегі 7 ауданның халқын сапалы көкөніс дақылдарымен, бақша дақылдарымен қамтамасыз етуге бізге толық мүмкіншілік бар. Енді тағы да бізде үлкен проблема мысалға өндірілген өнімді сататын кезде олар содан қатты қысылып қалады. Сондықтан бұл қазір отбасылық бизнесті үлкен ұжымдық бизнеске айналдыруымыз керек.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу