Ойынның бірінші таймында екі құрама да алма-кезек шабуылдағанымен қақпаға гол соғылмады.
2-таймның алғашқы 10 минутында исландиялық футболшылар басымдықты қолдарына алып, гол соғуға тырысқанымен Стас Покатиловтың қақпасына саңылау таба алмады.
Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында алғашқы ойынын өткізген Александр Меркель 48-минутта гол салатын мүмкіндікті пайдалана алмады. Ойын соңына дейін екі құрамада гол салуға бірнеше мүмкіндік болғанымен, шабуылдарды бірде қақпашылар қайтарса, бірде нәтижесіз аяқталып жатты.
Осылайша кездесу 0:0 есебімен тең аяқталды.
Еске сала кетейік, Астанада өткен алғашқы ойында исландиялықтар 0:3 есебімен ұтқан еді.