Адамның қартаюы организмнің құрғауымен байланысты - ғалымдар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Адамның қартаюы организмнің құрғауымен байланысты - ғалымдар

04.09.2015
Адамның қартаюы организмнің құрғауымен байланысты  - ғалымдар

Ал, ғалымдар бүгін осы мәселенің шешімін табуға аз қалғандығын бәрі біле бермейді. Ғалымдардың пайымдауларынша, адам ағзасының 70 пайыз судан тұруы тегін емес.

Айта кететін мәселе, жаңа туылған нәрестенің ағзасы 96 пайызға дейін судан тұратын болса, егде тартқан адамда бұл көрсеткіш 50 пайызға дейін жетеді.

Осылайша, ғалымдар қартаюдың ағзаның құрғауы екендігін дәлелдеп отыр. Жаңа туған сәбидің жасушылары жасушааралық сұйықтықта жүзіп жүреді. Адам өмір сүре келе осы жасушааралық сұйықтықтар бірте-бірте ластана береді. Адам ағзасының дамуына қоршаған ортаның ластануы мен дұрыс тамақтанбау, өлі суды пайдалану да көп септігін тигізеді.  

Ғалымдар бұл ретте тірі судың да бар екендігін де дәлелдеп отыр. Табиғи су көздерінің минералды сулары адам ағзасының жасушааралық сұйықтығын тазалауға және жасушыларды қажетті заттармен қамтамасыз етуге қабілетті. Нәтижесінде адам энергия жинап, бойындағы күш-қуаты артады. Ағын судың адам денсаулығы үшін пайдасы өте зор. Ғалымдар сонымен қатар, сыртқы әсердің салдарынан су кристалдарының өзгеретінін де дәлелдеп отыр. 

 

 

Хабарламаларға жазылу