Үндістан EXPO-2017 көрмесіне қатысатындығын ресми түрде растады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістан EXPO-2017 көрмесіне қатысатындығын ресми түрде растады

22.08.2015
Үндістан EXPO-2017 көрмесіне қатысатындығын ресми түрде растады

2015 жылдың 17-19 тамызында Халықаралық мамандандырылған EXPO-2017 көрмесінің комиссары, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев Үндістанға жұмыс сапарымен барды.

Үндістан Сыртқы істер министрінің орынбасары Сужата Мехтамен кездесуі барысында екі елдің ынтымақтастығы мен келешегі, Үндістан Премьер-Министрінің шілдедегі Қазақстанға сапарының қорытындылары, Нью-Делидің EXPO-2017 көрмесіне қатысуы және өзара тиімді қарым-қатынастың болашақтағы дамуы талқыланды, деп хабарлайды «Астана EXPO-2017» ҰҚ» АҚ-ның баспасөз қызметі.

Өз кезегінде, Рәпіл Жошыбаев Үнді елінің EXPO -2017 халықаралық көрмесіне қатысуы қазақ-үнді стратегиялық серіктестігінің нығаюына және «жасыл энергетика» саласындағы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады деп атап өткен.

Хабарламаларға жазылу