2015 жылы "Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында шағын несие үшін 421,3 млн. теңге бөлінген. Осы кезде 180 адам 370 млн. теңге көлемінде несие алып үлгерген. Олардың арасында 108 адам өз істерін ашты. Өз ісін ашқан азаматтарға жұмыспен қамту орталықтары арқылы 242 адам жұмысқа орналастырылды.
Сондай-ақ Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мәліметтерінше, "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" аясында 17 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру үшін 575 млн теңге бөлінген. Нәтижесінде 229 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Осы кезде 200 адамды жұмыспен қамтуға қауқарлы 16 жобаны жүзеге асыру басталып кеті.
"Жұмыспен қамтудың жол картасы" аясында өңірде 2 мың 147 адам оқытылып, әлеуметтік жұмыс орындарына 340 адам орташа айлық жалақыға жұмысқа орналастырылған. Жастар тәжірибесіне 519 адам жолданды.
Осы бағыттағы шаралардың нтәижесінде Қызылорда облысында 2015 жылдың екігші жартысында жұмыссыздар саны 2014 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 0,2 пайызға кеміді.