Демалыс күндері Астананың бірнеше көшесінде қозғалыс шектеледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Демалыс күндері Астананың бірнеше көшесінде қозғалыс шектеледі

11.08.2015
Демалыс күндері Астананың бірнеше көшесінде қозғалыс шектеледі

Астана қалалық Көлік басқармасының хабарлауынша, ағымдағы жылдың 15-16 тамызында Игілік көшесі бойында Ташкент көшесінен Тайбурыл көшесіне дейін беткі асфальтті бетон қабатын салу салдарынан автокөлік үшін қозғалыс жабылады. 

Астана әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметтер бойынша, жол жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде аталмыш жол бөлігінде №24 автобус бағдары «ТЭЦ-1» аялдамасына дейін, №30 автобус бағдары «Жас Ұлан мектебі» аялдамасына дейін жүреді.

Азаматтарды ақпараттандыру үшін қажетті жол белгілері қойылатын болады.

Хабарламаларға жазылу