Ақмола облысында карантин күшейтілді

16.10.2020
Ақмола облысында карантин күшейтілді

Бүгіннен бастап Ақмола облысында карантин күшейтілді.

Аймақтың бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусинаның 15 қазандағы қаулысына сәйкес:

- түнгі сағат 23:00-ден таңғы 06:00-ге дейін өңір бойынша тұрғындардың жүріп-тұруыны шектеледі;

- 65 жастан асқан азаматтардың далаға шығуына шектеу енгізілді; 

- демалыс күндері автобустардың жүруіне тыйым салынды; 

- саябақ, скверлерде 3 адамнан артық топ болып жүруге болмайды;

- сенбі-жексенбіде аумағы 1000 шаршы метрден асатын сауда орталықтары, сауда, ойын-сауық орталықтары мен азық-түлік емес дүкендердің жұмысы шектеледі.

- такси екі адамнан артық тасымалдамауы тиіс;  

- жұмыс күндері азық-түлік дүкендері мен жабық базарлардың жұмыс уақыты 17:00 дейін шектеледі. Демалыс және мереке күндері жұмыс істемейді;

- қоғамдық тамақтану орындары 30 келуші немесе сыйымдылығының 50 пайызын ғана қабылдауы тиіс;

- мемлекеттік органдар қызметкерлерінің 80 пайызы қашықтан жұмыс істеуге көшіріледі;

- 5-тен 180-ге дейін оқушысы бар мектептерге сыныпта баланың санын 15-тен асырмай жұмыс істеуге рұқсат етіледі;

- ХҚКО-лардың жұмыс кестесі шектеледі;

- фитнес-орталықтар сыйымдылығының 50 пайызын ғана қабылдауы тиіс.

карантин Ақмола облысы қаулы

Хабарламаларға жазылу