Мамыр мерекелерінің тойлануына байланысты Астанада бірқатар көше жабылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мамыр мерекелерінің тойлануына байланысты Астанада бірқатар көше жабылады

20.04.2017

Мамыр мерекелерінің тойлануына байланысты Астанада бірқатар көше жабылады. Бүгін арнайы баспасөз мәслихаты кезінде бұл тізімге қай көшелердің енгені мәлім болды.

7 мамыр өтетін парадқа дайындықтың басталуына байланысты, алдағы демалыс күндері 40-шы станциядан бастап, Тәуелсіздік даңғылына дейінгі жолда қозғалыс шектеледі.  Әскери техника  Қошқарбаев, Бауыржан Момышұлы көшесімен бас алаңға келеді. «Қазақ елі» алаңындағы көлік қозғалысы 22 сәуір тоқтап, мамырдың 7-і күні бірақ ашылады. Бұл күндері елордалық көлік жүргізушілері бұл аумақты айналып өткені абзал. Сондай-ақ, 9 мамыр «Мәңгілік полк» колонасы жүріп өтуі жоспарланған. Таңғы 9-дан түскі 13-00 ге дейін Тәуелсіздік даңғылының Пушкин көшесінен, Қалдаяқов көшесіне дейінгі аумағы жабылмақ.

Ғабит БӨКЕНБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу