Еліміздің 6 қаласында карантин шаралары күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің 6 қаласында карантин шаралары күшейтілді

21.06.2020

«Әлем пандемияның жаңа қауіпті кезеңіне өтті, вирус тез тарап жатыр және ол адам өміріне аса қауіпті»-, деді Дүниежүзілік денсаулық ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус жұмада. Рас, COVID-19 коронавирусы біздің елімізде де өте үлкен жылдамдықпен тарап барады. Симптомсыздар да көбейіп кетті.

Сөйтіп өкімет алты қалада: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Павлодар мен сол облыстағы Екібастұзда осы демалыс күндері шектеу шараларын қолданды. Сауда-ойын-сауық орталықтары, азық-түлік және азық-түлік емес базарлар, саябақтар мен скверлер, жағалаулар мен аквапарктер, фитнес-орталықтар мен сұлулық салондары уақытша істемеді. Нұр-Сұлтанда қозғалыс та шектелді. Мына кадрлар қаладағы дезинфекциялаудың көріністері.

Карантиндік демалыс күндері Павлодар мен Екібастұзда да көшелер, жағалаулар, саябақтар, стадиондар, балалалар ойнайтын және спорт алаңдары тегіс дезинфекцияланды. Залалсыздандыру шараларына 200 ден аса ерікті қатысты. Ал, дезинфекциялауға қажетті натрий гипохлоритін жергілікті химия зауыты қажетінше тегін берді.

Бірнеше айдан бері ақпарат құралдарында вирус таралуына, сақтық шараларын сақтаудың маңыздылығына орай комментарий беріп жүрген балалардың инфекционист дәрігері Динагүл Баешеваның біздің арнаның «Ниет» бағдарламасына келгенде келтірген мысалы:


Хабарламаларға жазылу