1049 астаналық мемлекеттік білім грантының иегері атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1049 астаналық мемлекеттік білім грантының иегері атанды

11.08.2015
1049 астаналық мемлекеттік білім грантының иегері атанды

Бүгін мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды.

Жалпы, 2015 жылы 32 168 грант бөлінген: 2500 орын жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне бөлінген және 29 668 грант бірінші курсқа қабылдауға арналған. Күндізгі бөлімде оқуға арналған грант - 29 168, сырттай оқуға - 500. Білім грантын тағайындау құқығына 60 жоғары оқу орны ие болды.

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметтеріне сәйкес, Астана бойынша білім грантына 2782 өтініш берілген. Олардың ішінде мемлекеттік грантқа 1049 түлек ие болды. Қазақ тілінде - 670, орыс тілінде - 379 адам.

Атап өтейік, Астанада ҰБТ тапсырған түлектер саны 3398. Олардың ішінде 1885 қазақ тілінде, 1513 орыс тілінде тест тапсырды.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің композитті индексі бойынша 2015 жылы Астана Қазақстанның аймақтары арасында бірінші орында.

ҚР Білім министрлігінің хабарлауынша, қатысу коэфициенті бойынша елорда басқа қалалардың ішінде көшбасшы болып, ең жоғарғы көрсеткіш - 81 балл жинады.

Хабарламаларға жазылу