Жадтан естеліктерді өшіру арқылы есірткіге тәуелділіктен арылуға болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жадтан естеліктерді өшіру арқылы есірткіге тәуелділіктен арылуға болады

09.08.2015
Жадтан естеліктерді өшіру арқылы есірткіге тәуелділіктен арылуға болады

Скриппс институтының ғалымдары адам жадынан есірткі туралы естеліктерді өшірудің тың жолын тапты. Зерттеушілер тәжірибе жасау барысында тышқандарға төменгі молекулалы блеббистатин қосындысы мен миозин II ингибиторын еккен.

Осы арқылы ұзақ уақыттық естеліктердің түзілуін қамтамасыз ететін адам ағзасындағы маңызды ақуыз – актинге әсер етуге болады.

Нәтижесінде зерттеуге алынған жануарлардың миынан есірткіге қатысты барлық естеліктер жойылып кеткен. Сондай-ақ, тышқандар бір айға  метамфетаминді рецидивке тәуелділіктен арылған.

2013 жылы дәл осы құрамдағы зерттеушілер актинді тікелей бұғаттау арқылы мидағы есірткі естеліктерін өшіруге болатынын дәлелдеген. Алайда, актин бұлшық еттер мен ми қызметіне тікелей әсер ететіндіктен, бұл әдістен адамның өміріне қауіп төнетін еді.

Ал, кейінгі әдіс мұндай жағдайды болдырмайды. Сондай-ақ, блеббистатинді тура миға  енгізу міндетті емес. Ол миға адамның кез келген салынған инъекция арқылы жетеді.

Ғалымдардың айтуынша, бұл әдіс адамның басқа естеліктеріне еш зиян келтірмейді.

Хабарламаларға жазылу