«Қайрат» футбол клубының плей-офф сынындағы қарсыласы анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қайрат» футбол клубының плей-офф сынындағы қарсыласы анықталды

07.08.2015
«Қайрат» футбол клубының плей-офф сынындағы қарсыласы анықталды

Алматының «Қайрат» командасы Еуропа лигасының плей-офф сынында Францияның «Бордо» футболшыларымен кездеседі.

Бұл туралы бүгін UEFA-ның жеребе тарту рәсімінде белгілі болды.

Еске салайық, бұның алдында «Қайрат» бірінші іріктеу кезеңінде «Црвена Звезданы» жолынан ығыстырса, екінші кезеңде «Алашкерт» клубынан басым болды. Үшінші кезеңде шотландиялық «Абердин» командасын ұтты.

Хабарламаларға жазылу