Футболдан Еуропа Лигасындағы қарсыластарымыз белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футболдан Еуропа Лигасындағы қарсыластарымыз белгілі болды

08.08.2014
Футболдан Еуропа Лигасындағы қарсыластарымыз белгілі болды

Швейцарияның Ньон қаласында өткен жеребе тартуда Еуропа Лигасында ойын көрсетіп жатқан «Астана» мен «Ақтөбе» клубтарының плей-офф кезеңіндегі қарсыластары анықталды.

Елордалық «Астана» клубы  испаниялық «Вильярреал» клубымен күш сынасады. Алғашқы ойын 21-ші тамыз күні Астанада өтсе, қарымта кездесу 28-ші тамыз күні Испанияда өтеді.

Ал, «Ақтөбе» футбол клубы польшалық «Легия» командасына қарсы ойнайды. Алғашқы кездесу 21-ші тамыз күні Ақтөбеде өтсе, қарымта матч Варшавада өтеді.

 

Хабарламаларға жазылу