ЖХЛ. «Сарыарқа» – плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы команда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЖХЛ. «Сарыарқа» – плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы команда

19.01.2015
ЖХЛ. «Сарыарқа» – плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы команда

Өткен маусымдағы Братина Кубогының иегері биыл да чемпионаттың көшбасшысы. Леонид Тамбиев шәкірттері 42 ойында 92 ұпай жинаған. Осылайша, «Сарыарқа» командасы ЖХЛ плей-офф кезеңіне жолдамасын алдын ала иеленді.

Плей-офф кезеңіне шығуға қазақстандық тағы бір команда «Қазцинк-Торпедоның» да мүмкіндігі бар. Әзірге өскемендік команда 42 ойыннан кейін 56 ұпай жинап, турнир кестесінде 16-шы орында тұр.

Қазақстандық командалар ЖХЛ чемпионатындағы келесі ойындарын 19 қаңтарда өткізеді. «Сарыарқа» сырт алаңда Челябинск қаласының «Челмет» командасымен кездессе, «Қазцинк-Торпедо» Ижевскіде жергілікті «Ижсталь» клубымен ойын өткізеді.

Фото. «Сарыарқа» клубының сайтынан алынды

Хабарламаларға жазылу