«Барыс» ойынына билеттер сатыла бастайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Барыс» ойынына билеттер сатыла бастайды

18.03.2014
«Барыс» ойынына билеттер сатыла бастайды
19 наурызда Гагарин кубогын сарапқа салатын плей-оффтың екінші айналымына билеттер сатыла бастайды, деп хабарлады «Барыс» хоккей клубының баспасөз қызметі.
 
Плей-оффтың екінші айналымының бірінші ойындары Астанада 21-22 наурызда өтеді. Қазақстандық клубтың қарсыласы бүгін, 18 наурызда уфалық «Салават Юлаев» пен Нижный Новгородтың «Торпедосы» арасындағы шешуші ойында анықталмақ.
 
19 наурызда абонемент иелеріне ғана билеттер сатылады - олар өздеріне ыңғайлы орынды таңдай алады. 20 наурызда билеттер жаппай сатылымға түседі.
 
Билеттер құны: 2, 3, 4, 7, 8, 9-секторларда - 2000 теңге; 1, 5, 6, 10-секторларда - 3000 теңге. Кассаның жұмыс режимі: 11:00-ден 20:00-ге дейін (үзіліс 14:00-ден 15:00-ге дейін). «Барыс» ХК сайтында онлайн билеттер сатылады.
 
Еске сала кетейік, биылғы жылы «Барыс» өз тарихында алғаш рет Екатеринбургтің «Автомобилисін» жеңіп, Гагарин кубогы плей-офф кезеңінің екінші айналымына шығып отыр.

Хабарламаларға жазылу