Павлодарлық тұрғындар ат спорты үйірмелеріне қатысу үшін кәмелеттік жасқа толған болу керек, деп хабарлайды pavlodarnews.kz . Бұл туралы Қайырбаев атындағы спорттың ұлттық және халықтық түрлері бойынша спорт клубы директорының орынбасары Серік Досымханов хабарлады.
«Біздің орталықта ат спортына дайындайтын бөлімдер бар. Мұндағы спортшылардың барлығы - 18 жастан асқан ересек адамдар. Себебі бізде балаларға арналған үйірмелер жоқ. Бұған қоса, ұлттық спорт түрлерінен бапкерлік жасайтын мамандардан тапшылық көрудеміз», - деді С. Досымханов.
Айта кетерлігі, Қайырбаев атындағы спорттың ұлттық және халықтық түрлері бойынша балалар - жасөспірімдер спорт мектебі 1993 жылы құрылған. Қазіргі таңда орталықта 200-ге тарта спортшы дайындалуда.