«Өнер шежіресі». Кәміл Моллашев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Өнер шежіресі». Кәміл Моллашев

28.07.2015
«Өнер шежіресі». Кәміл Моллашев

Кескіндеме, кескіндеу өнері (живопись) – бейнелеу өнерінің бір түрі. Кескіндеме заттың сыр-сипатын, нәрсе мен кеңістіктің қарым-қатынасын, сәуле мен көлеңкені үндестіре бейнелейтін көркемдік және танымдық қуатымен ерекшеленеді.

Кескіндеменің пайдаланатын құралы - сәуле, бояу, рең. Сәулені бояу реңдерімен нәзік астастыру арқылы өмір құбылыстарының айқын да шынайы көріністері жасалады. Суретші шеберлігінің көрінер жері де осында.

Тақырып аясы кең, көп жанрлы кескіндеме өнерімен айналысатын суретшілердің бірі Кәміл Моллашев. Суретшінің шығармашылығы туралы толығырақ бүгін 12:30-да «Өнер шежіресі» хабарынан көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу