«Өнер шежіресі». Ерболат Төлепбайдың шығармашылығы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Өнер шежіресі». Ерболат Төлепбайдың шығармашылығы

23.07.2015
«Өнер шежіресі». Ерболат Төлепбайдың шығармашылығы

Ерболат Төлепбайдың кескіндеме туындылары — Қазақстанның соңғы  жылдары көркемсурет мәдениеті саласында пайда болған бірден-бір әрі бірегей құбылыс. Қазіргі заманның қазақ халқына ала келген ғаламат өзгерістерін жинақтап көрсету — суретшінің алдына қойған мақсаты.

Сальвадор Далидің сюрреализм дәстүріне ден қоя бастаған Ерболат Төлепбайды бір кездері қатарластарының бірі «қазақтың сюрреалисі», деп атаған еді. Сол сөз шындыққа айналғандай. Расында да, Ерболат Төлепбай шығармашылығында көптеген параметрлер бойынша Сальвадор Далимен іштей диалог жүріп жатады.

Оны қылқалам шеьерінің «Қалага келген жаңа бала» (Қонақтар), 1981 жыл, «Алыс ауылдағы жайылымнан оралу», 1982 жыл, «Балкон», «1987 жыл» сияқты туындыларынан да байқауға болады.

Суретшінің өзге де ерекшеліктері туралы толығырақ бүгін 12:30-да «Өнер шежіресі» хабарынан көре аласыздар.

Фото: tolepbay.kz

Хабарламаларға жазылу