Оңтүстік Қазақстанның өнерпаздары Атырауда өнер көрсетпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстанның өнерпаздары Атырауда өнер көрсетпек

22.09.2015
Оңтүстік Қазақстанның өнерпаздары Атырауда өнер көрсетпек

Осыған қарай, мұнайлы өлкеде оңтүстікқазақстандық екі жүзге жуық өнер майталмандары 23-25 қыркүйек күндері ән мен жырдан шашу шашып, облысымыздың мәдениетін танытады.

«Қазыналы Оңтүстік» атты мәдениет күндерінде шуақты өңіріміздің «Ұлы дала өсиеті» кітаптары мен «Қолөнер шеберлерінің» бұйымдары Атырау облысына естелік ретінде табыс етіледі.

Атыраудағы мәдениет күндері «Шырайлы Оңтүстіктің шежіресі» атты көрме-экспозициясымен басталады. Салтанатты шара аясында Оңтүстік Қазақстан облысының өнер шеберлерінің қатысуымен гала-концерт, баспасөз-мәслихаты сияқты шаралар өтеді.

Сонымен қатар, онда «Шарықтасын Шәмшінің асыл әні» концерті және «Сылаң қыз» комедиясы қойылып, ақындар айтысы өтеді,деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Оңтүстік өлкесінің рухани дүниесін паш ететін салтанатты шара өңірлердің арасындағы мәдени байланыстардың одан әрі дамуына серпін берері сөзсіз.

 

Хабарламаларға жазылу