Мемлекет басшысы шахматтан әлем чемпионы Малика Зиядинге құттықтау хатын жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы шахматтан әлем чемпионы Малика Зиядинге құттықтау хатын жолдады

24.06.2022

Мемлекет басшысы шахматтан әлем чемпионы Малика Зиядинге құттықтау хатын жолдады. Жеті жасқа дейінгі бүлдіршіндер арасында өткен сайыста жоғары деңгейде өнер көрсетіп, екі бірдей атақты иеленуің – Қазақстанның шахмат тарихында бұрын-соңды болмаған жетістік. Сен тума талантың мен жеңіске деген ерік-жігеріңнің арқасында осындай биік белесті бағындырдың. Өзің ізін басып келе жатқан қазақстандық шахмат шеберлерінің даңқты жолын лайықты жалғастыратыныңа кәміл сенемін, – деп жазылған Президенттің құттықтау хатында.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу