Халықтың сотқа деген сенімін арттыру маңызды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықтың сотқа деген сенімін арттыру маңызды

20.11.2019

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановпен кездесті. Кездесу барысында Тұңғыш Президент заңның үстемдігін қамтамасыз ету және халықтың сотқа деген сенімін арттыру жөнінде шаралар қабылдаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ Елбасы судьялар алдында күрделі міндет тұрғанын, сондықтан бастысы сот шешімінің әділ, барлығы заң аясында болуын айтты.

Сондай-ақ, Елбасы суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Кәміл Муллашевты қабылдады. Нұрсұлтан Назарбаев суретшінің отандық өнер және мәдениет саласын дамытудағы қосқан үлесінің жоғары екенін тілге тиек етті. Кәміл Муллашев Тұңғыш Президентке өнер қайраткерлеріне қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.

Саламат ОМАШ


Хабарламаларға жазылу