Алматыда белгілі суретші Кәміл Муллашевтің жеке көрмесі ашылды
«Уақыт үні». Алматыда осындай атаумен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі суретші Кәміл Муллашевтің жеке көрмесі ашылды. Келушілерге өнер иесінің соңғы 5 жылдағы шығармалары ұсынылды. Картиналар адам өмірінің құндылықтары, руханият туралы сыр шертеді. Туындылар қазіргі заманның түйткілдерін сипаттайды. Суретші жұмыстарының бүгінгі дейін сақталған маңызды тұстарының бірі – уақытты сезіну және түсіну қабілеті. Сол себепті де, Кәміл Муллашев көрмесін осылай атап отыр. Айта кетейік, автордың еңбектері Ресейде де қойылып, әлемнің түрлі елінде 26 жеке шығармашылық кешін ұйымдастырған. Ал көрме қазанның 7-не дейін жалғасады.
Кәміл Муллашев, суретші:
Мен 80-ге келіп қалдым, сондай болса да, күнде 10 сағаттай жұмыс істеймін. Неге десеңіз, ішім толқындап, жүрек толқынданып, іште ой-сезім болғаннан кейін, қартайсаң да, белің ауырса да, қолыңды көтеретін күш табасың.
Байтұрсын Өмірбеков, өнертанушы:
Осы шығармаларға қарап отырып, бұл жерде жасы ұлғайған адам емес, жас адамның шығармалары ма деп қаласың. Сондай ізденістері мол, түрлі түс интенсивті, экспрессивті дүниелер бүгін мына залда тұр. Кәміл осы жұмыстарымен біздің Қазақстанның бейнелеу өнеріне үлкен үлес қосып отыр.
Фариза Мұсақызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оралда өрт шығып, газ ауа қоспасы жарылды
13.12.2025, 20:14
«Саламатты Қазақстан» пойызы 100 мыңға жуық тұрғынға кәсіби қолдау көрсеткен
13.12.2025, 17:59
Алматыда «Жүректен жүрекке» атты фестиваль өтті
13.12.2025, 17:57
Домбыра мен сазсырнай Бельгия мұражайына табысталды
13.12.2025, 17:55
Түркі әлемінің жастары бас қосты
13.12.2025, 17:53
Арал аймағын көгалдандыру жайы өзекті
13.12.2025, 17:52
4,1 трлн теңгеге 62 инвестициялық жоба іске асады
13.12.2025, 17:48
Петропавлда өрт сөндіру бөлімі ашылды
13.12.2025, 17:44