Астанада «Ғасырлар аңсаған азаттық» деректі фильм күндері өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Ғасырлар аңсаған азаттық» деректі фильм күндері өтуде

03.12.2014
Астанада «Ғасырлар аңсаған азаттық» деректі фильм күндері өтуде

Шара «Қазақфильм» АҚ, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Қазақ Ұлттық өнер универститеті ұйымдастырып отыр. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайты хабарлайды.

Деректі кино күндері 1 желтоқсанда режиссер Рашид Сүлейменовтің «Қазақстан жолы: Тәуелсіздік шежіресі» циклінен «Мемлекет басшысы» және «Елбасы» атты фильмдерінің көрсетілімінен басталды.

Сонымен қатар, шара аясында Қазақстан көрнекті қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығына арналған документалды фильмдердің тұсаукесері өткізілді. Бұл фильмдердің қатарында режиссер Б. Нүсімбековтің «Шәкен Айманов: адам және аңыз», режиссер Ж. Жетіруовтің «Мырзатай Жолдасбеков» және Д. Саламаттың «Нұрлан Оразалин» киноленталары бар.

Деректі фильмдерді Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің кинотеатрынан және Қазақ Ұлттық өнер университетінің Жамбыл атындағы залынан тамашалауға болады.

Хабарламаларға жазылу