Қарғалы өзеніндегі төтенше жағдайды жоюға 1196 адам, 160 бірлік техника және 3 тікұшақ жұмылдырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарғалы өзеніндегі төтенше жағдайды жоюға 1196 адам, 160 бірлік техника және 3 тікұшақ жұмылдырылды

23.07.2015
Қарғалы өзеніндегі  төтенше жағдайды жоюға 1196 адам, 160 бірлік техника және 3 тікұшақ жұмылдырылды

Бүгін ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінде ТЖ комитеті төрағасының міндетін атқарушы өртке қарсы қызмет генерал-майоры Серік Әубәкіров пен Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары генерал-майор Ж.Қ. Жұмашевтың қатысуымен «Қарағалы өзенінің бойымен өткен сел бойынша» тақырыбында брифинг өтті.

Мамандардың айтуынша, бірнеше күннен бергі жоғары ауа температурасынан «Қарғалы» мұздығы еріп, «Безымянное» мұздақ көлінің толуына әкелген.

Соның салдарынан 23 шілдеде сағат 3.00-де мұздақ каналдың ішінде көлдің Қарғалы өзенінің арнасынан асуы болды.

Азаматтық қорғаныстың сигналы бойынша Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы ТЖД, Алматы қаласының Ішкі істер департаменті, ҚР ІІМ Ұлттық Ұланның, Республикалық жедел-құтқару жасағының, Алматы қаласының Құтқару қызметінің жеке құрамы, жергілікті атқарушы органдар қатыстырылды.

Дереу Алматы қаласының ТЖД мобильді құлақтандыру кешені, сондай-ақ, Алматы қаласының ІІД сигналды дауыс зорайтқыш құралдары бар 85 бірлік автомобилі тартылды. Ұялы байланыс операторларына халық үшін SMS-жіберуді жүзеге асыруға өтінім жолданды. 20 теле және 6 радиоарна арқылы халыққа хабар беру жүзеге асырылуда.

ҚР ІІМ ТЖК аумақтық бөлімшелерінің күштері қаланың жергілікті атқарушы органдарымен, азаматтық қорғау күштерімен бірлесіп су басқан (су жайылған) аймақтағы зардап шеккен халықты іздеу және эвакуациялау үшін тізім бойынша Қарағалы өзенін бойлай жүріп өтуді ұйымдастырды.

176 орта мектепте, сондай-ақ, Наурызбай ауданы әкімдігінде зардап шеккен халыққа медициналық және психологиялық көмек көрсету, ауызсумен және тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету үшін қабылдау пункттері ашылды.

Қарғалы өзені бөгетінің ауданында ҚР ІІМ ТЖК аумақтық бөлімшелері 898 адамнан астам жергілікті тұрғынды эвакуациялады.

Қалыптасқан жағдайды әуеден барлау жалғастырылуда, қалпына келтіру-тазалау жұмыстары және қаланың су басқан көшелері мен шағын аудандарында келтірілген нұқсанды бағалау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі уақытта төтенше жағдайды жоюға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі және жергілікті атқарушы органдары жеке құрамының 1196 адамы, 160 бірлік техникасы,  3 тікұшағы жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

 

 

Хабарламаларға жазылу