Зарина Диас Чарльстон турниріне қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зарина Диас Чарльстон турниріне қатысады

06.04.2015
Зарина Диас Чарльстон турниріне қатысады

Аталмыш турнирге Заринадан бөлек Ярослава Шведова мен Юлия Путинцева бақ сынайды. Зарина Дияс Чарльстон турнирінде 11-ракетка ретінде қатысады.

Ярослава Шведова бірінші айналымда швейцариялық Стефани Фегельмен кортқа шықса, Юлия Путинцева бұрынғы отандасы, ресейлік Евгения Родинамен күш сынасады.

Турнирдің былтырғы жеңімпазы – германиялық Андреа Петкович. Әйелдер арасындағы бұл бәсеке 1973 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.

Хабарламаларға жазылу