Зарина Диас Дубайда өтетін турнирге қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зарина Диас Дубайда өтетін турнирге қатысады

15.02.2015
Зарина Диас Дубайда өтетін турнирге қатысады

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Диас 15-21 ақпан аралығында Дубайда өтетін ірі халықаралық турнирге қатысады.

Айта кету керек, Зарина алғашқы айналымда германиялық Анника Бекпен күш сынасады.

Бұл турнирге қатысудан әлемнің бірінші ракеткасы, американдық Серена Уильямс бас тартты. Дегенмен, мықтылардың қатарында румыниялық Симона Халеп, чехиялық Петра Квитова, поляк Агнешка Радьванска, сербиялық Ана Иванович, ресейлік Екатерина Макаровалар бар.

Жарыстың жүлде қоры да қомақты - 2,513 миллион АҚШ доллары.

Еске сала кетейік, Зарина  Диас осының алдында Таиландтың Паттайя қаласындағы турнирде бірінші айналымда словакиялық Даниэла Гантуховаға есе жіберген еді.

Хабарламаларға жазылу