Батыс Қазақстанда зардап шеккен тұрғындарға 3 бөлмелі пәтер салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанда зардап шеккен тұрғындарға 3 бөлмелі пәтер салынады

29.04.2024

Батыс Қазастан облысындағы Жайықтың суы төмендеген. Жағдай біртінтеп тұрақталып келеді. Орал қаласы мен су басқан алты ауданда әзірге 1311 үйге тасқыннан залал келді. Бұл сан әлі де өзгереді, өйткені комиссияларға зардап шеккен тұрғындардан өтініш толассыз келіп жатыр. Мамандар қираған үйлерді техникалық тексерістен өткізуді тоқтатқан жоқ. Облыс бойынша 413 үй тұруға жарамсыз деп танылды. Аудандарда жаңа баспана салу үшін жер учаскелері анықталды. Зардап шеккен тұрғындарға аумағы 80 шаршы метр 3 бөлмелі пәтер салынады. Инженерлік желілер қосылып, ауласы абаттандырылады. Бұл - тасқынның бірінші кезеңінде бүлінген үйлерді қалпына келтіру жұмыстары.

Ал тасқынның екінші толқынында, яғни Жайық тасыған кезде 15 мыңға жуық саяжай учаскесіне су жайылды. Қазір саяжайлар әлі де суда тұрғандықтан, баспаналарға техникалық тексеріс жасау, бағалау мүмкін болмай тұр. Бірақ қалалық комиссия саяжай тұрғындарының өтініші мен үй құжаттарын кедергісіз қабылдап жатыр.

Әлібек Антазиев, Облыстық құрылыс басқармасының басшысы:

Әрбір үйдің құны шамамен 27-28 млн теңге болады. Су, газ, свет - инженерлік желілерінің қосылуымен. Қолға қаражат берілмейді. Сол зардап шекен тұрғын ауылдан тұруға жарамды, сапалы үй тауып алса, жергілікті әкімшілік сатып алады да, сол кісіге береді актісін. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, тұрғын үй құрылысы биыл маусымда басталып, жылыту маусымына дейін аяқталады.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу