Семейде экологиялық акцияға кәсіби футболшылар қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде экологиялық акцияға кәсіби футболшылар қатысты

29.04.2024

Еліміз бойынша өтіп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына осы маусымда QFL премьер-лигасында өнер көрсететін «Елімай» футбол командасы да үлес қосты. Семейдің орталық саябағында клубтың 25 мүшесі қарағай көшеттерін отырғызды. Демалыс аймағын тазалауға кәсіби футболшылармен қатар команда жанкүйерлері, жаттықтырушылар және спорт мектептерінің тәрбиеленушілері қатысты. Осыған дейін футболшылар «Семей орманы» табиғи орман резерваты аумағында 2 мыңнан астам шырша көшеттерін егуге де атсалысқан. «Спорттан тыс қоғамдық маңызы бар шаралардан шет қалмау өте маңызды»-дейді аяқдоп шеберлері. Жалпы Абай облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы абаттандыру, тазалық жұмыстары бірнеше аптадан бері үздіксіз жалғасып келеді.

Еркебұлан Нұрғалиев, «Елімай» футбол командасының капитаны:
Біздің Президентіміздің акциясын қолдап отырмыз. Бүгін осы саябаққа келіп шыршаларды отырғыздық. Семей қаласының тұрғыны болғандықтан футбольный клуб «Елімай» Семейіміздің тазалығына өзіміздің үлесімізді қосып отырмыз. 

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу