Зарина Диас Қазақстанның нөмір бірінші ракеткасы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зарина Диас Қазақстанның нөмір бірінші ракеткасы атанды

04.08.2014
Зарина Диас Қазақстанның нөмір бірінші ракеткасы атанды

Қазақстандық 20 жастағы теннисші Зарина Диас Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды. Бұған дейін Ярослва Шведова топ бастап тұрған еді.

Зарина Диас Вашингтонда өткен теннис турнирінің екінші айналымында жарақатына байланысты жарыс жолынан ерте аяқтаған болатын. Соған қарамай, Зарина әйелдар арасындағы WTA рейтингінде 1019 ұпай жинап, 53-ші орында тұр. Ал, Ярослва Шведова 1017 ұпаймен 54-ші орынға жайғасты. Галина Воскобоева 119-шы, Юлия Путинцева 164-шы және Сесиль Каратанчева 173-ші орында.

Нәтижесінде Зарина Диас Қазақтанның нөмір бірінші ракеткасына айналды. Ярослва Шведова екінші орынға түсіп қалды.

Естеріңізге сала кетейік, Зарина Диас биыл «Үлкен шлем» турнирінің екі жарысында жақсы нәтиже көрсеткен болатын. «Australian Open» турнирінің үшінші айналымна дейін шыққан болса, «Уимблдон» турнирінде 1/8 финалында жеңіліп қалған еді.

Хабарламаларға жазылу