Зарина Диас 18-ші тамыз күні қайта Қазақстанның бірінші ракеткасы атанады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зарина Диас 18-ші тамыз күні қайта Қазақстанның бірінші ракеткасы атанады

12.08.2014
Зарина Диас 18-ші тамыз күні қайта Қазақстанның бірінші ракеткасы атанады

Қазақстандық теннисші Зарина Диас АҚШ-та өтіп жатқан Цинциннати турнирінің негзігі тобына өтіп, келесі апта Қазақстанның бірінші ракеткасы атанады. Ал, Ярослава Шведова негізгі топқа өте алмай қалды.

Тамыз айының басында бірінші ракетка атанған Зарина Диас өткен аптадағы рейтингі бойынша екінші орынға түсіп қалған болатын.  

Зарина  Диас Цинциннати турнирінің іріктеу кезеңінде америкалық Шелби Роджерс пен руминиялық Моника Никулескті жеңіп, негізгі топқа өткен.

Егер, Зарина Диас Цинциннати турнирінің бірінші айналымында румыниялық Ирина-Камелия Бегуді жеңсе, Әлемнің үздік 50 теннисшінің қатарына қосылады.

Хабарламаларға жазылу