Зарина Дияс халықаралық жарыста топ жарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зарина Дияс халықаралық жарыста топ жарды

05.01.2020
Зарина Дияс халықаралық жарыста топ жарды

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс теннистен ITF сериясында топ жарды. Шешуші кездесуде әлемдік рейтингте 72-орында тұрған Чжу Линьмен күш сынасты. Отандасымыз екі сетта да қарсыласынан басым түсіп, аталмыш турнирдің жеңімпазы атанды. 

Жерлесіміз үлкен спорттағы 10-шы титулына қол жеткізді. Енді Зарина Дияс теннистен "Shenzhen Open" ашық турниріне қатысады. 

Жерлесіміздің бұл жарыстағы алғашқы қарсыласы қытайлық Инъин Дуань болмақ. 

Хабарламаларға жазылу