«Сырғалым» телехикаясында тіл тазалығына зор мән берілген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сырғалым» телехикаясында тіл тазалығына зор мән берілген

26.02.2015
«Сырғалым» телехикаясында тіл тазалығына зор мән берілген

Телехикаядағы басты рөлді сомдаған Жұлдыз Махан туындының екінші маусымындағы ерекшеліктерімен, қызықтарымен бөлісе отырып, түсірілім жұмыстарына атсалысқан барлық жандарға алғысын білдірді.

Ал, Динаның рөлін алып шыққан актриса Әйгерім Айдар «Сырғалымның» екінші маусымы да көрерменнің көңілінен шығады деген үмітте.

«Егер көрерменнің қолдауы болмаса, екінші маусым түсірілмес те еді. Бұл маусымның да рейтингісі жоғары болмақ. Ал, менің кейіпкеріме келер болсақ, ол бұл жолы  жаңа қырынан танылады»,-дейді ол.

Туынды авторлары телехикаядағы тіл тазалығына ерекше назар аударылғанын айтады.  

«Сырғалым» – «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының тапсырысы бойынша «Көркем фильм» киностудиясы түсірген отандық туынды. Картина қарапайым қазақ отбасының тұрмыс-тіршілігі, бойында қазақы қасиеттері бар бойжеткен турасында баяндайды.

Телехикаяның алғашқы маусымы 2014 жылдың басында Ұлттық арнада көрсетіліп, көрермен көңілінен шыққан, рейтингі жоғары отандық туындылардың бірі болды.

Айта кету керек, «Сырғалым» телехикаясы «2014 жылдың үздік фильмі» атағын жеңіп алса, басты рөлді сомдаған Жұлдыз Махан «2014 жылдың үздік актрисасы» атанды.

Фильмнің екінші маусымы Ұлттық арна эфирінен 2015 жылдың 3 наурыздан бастап көрсетіле бастайды.

Хабарламаларға жазылу