Гиннес рекордтар кітабына қазақ халқы бірнеше рет енген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гиннес рекордтар кітабына қазақ халқы бірнеше рет енген

22.09.2014
Гиннес рекордтар кітабына қазақ халқы бірнеше рет енген

Гиннес рекордтар кітабы - әлемдік рекордтарды тіркейтін жыл сайын басылып шығатын жинақ. Ол 100 мемлекетке 23 тілде жарық көреді. Сол атақты кітапқа қазақ халқы бір емес, бірнеше рет енген.

Қазақ марафоншысы Марат Жыланбаев Гиннес рекордтар кітабына жеті мәрте енді. ол Еуропадағы ең биік тау шыңы Эльбрусқа жеті күнде жүгіріп шыққан. Жыланбаев 1992 жылы Қарақұм, 1993 жылы Сахара, сол жылы Үлкен Виктория, 1994 жылы Махове шөлін жүгіріп өткен.

Қазақстандық ауыр атлет Мая Манеза 2010 жылы Түркияда өткен Әлем чемпионатында 63 келі салмақ дәрежесінде Әлем чемпионы атанды. Ол осы сайыста 143 келілік зілтемірді серпе көтеріп, әлем рекордын жаңартты.

Астана қаласында бой көтерген биіктігі 150 метр болатын «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық кешені де әлемдегі ең биік шатыр ретінде танылып, Гиннес рекордтар кітабына енген.

Осы және өзге де рекордтарды «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу