Маңғыстауда түйе шаруа қожалықтарында кене көбейіп, бірнеше бота өлген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда түйе шаруа қожалықтарында кене көбейіп, бірнеше бота өлген

29.04.2024

Маңғыстауда түйе шаруа қожалықтарында кене көбейіп, бірнеше бота өлген.

Шаруалардың айтуынша, кене қуаңшылықтан кейін шыққан. Биыл өте көп. Сондықтан олар жануарлар мен қораларды тазалап үлгермей жатыр. Шаруалар түйелердің жүнін қырқып, өз бетінше улап әлек. Алайда, толық дезинфекция жүргізілмесе, нәтиже шықпайтын түрі бар.

Есбол Естүрлиев, Шаруа қожалығының иесі:

Менің шығыным, 5 бота болып отыр. Бәрінің айтатыны осы көк кененің әңгімесі. Үкіметтен көмек болмаса, бізге қиын болып тұр. Бізге тек улап беруіне көмектессе деймін. 

Маңғыстау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшыларының сөзінше, шаруалар малдың жүнін қырқып, жылына бір рет паразитарлық ауруларға қарсы ерітіндіге тоғытулары қажет. Сондай-ақ қораларды дезинфекциялау маңызды.

Бердібек Марқабаев, Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

Әр кәсіпкер паразитарлық ауруларды болдырмау жағдайында шараларын алуға міндетті. Ал, біздің тарапымыздан тек қана жұқпалы ауруларды болдырмау бойынша, профилактикалық-диагностикалық іс-шаралардың қызметін атқарамыз. 

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу