Қызылордалық спортшы Гиннесс рекордтар кітабына енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордалық спортшы Гиннесс рекордтар кітабына енді

24.08.2014
Қызылордалық спортшы Гиннесс рекордтар кітабына енді

Беларусь елінің Витебск қаласында кір тасын көтеруден спорт шеберлерінің ІІ Дүниежүзілік Олимпиадасы өтті, деп хабарлайды Қазақпарат.

Бұл Олимпиадаға ел намысын қорғауға елімізден 12 спортшы аттанған болатын. Кір тасын көтеруден Қазақстан чемпионы, спорт шебері Оразбек Медетбаев осы байрақты бәсекеде топ жарды.

Оразбек Медетбаев 60 келі салмақ дәрежесінде 24 келі кір тасын 30 минутта 500 рет көтеріп, әлем рекордын жаңартты. Сайыс қорытындындысында Оразбек Медетбаев Гиннес рекордтар кітабына еніп, арнайы сертификат және медальмен марапатталды. 3 жылда бір өтетін Олимпиаданың соңғы тіркелген рекордында 24 келі гір тасы 420 рет көтерілген екен.

 

Хабарламаларға жазылу