Мавлюда Шерханова 40 жылдың ішінде тоқтап қалған 350 мыңға жуық сағатты қалпына келтірген (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мавлюда Шерханова 40 жылдың ішінде тоқтап қалған 350 мыңға жуық сағатты қалпына келтірген (ВИДЕО)

01.03.2016
Мавлюда Шерханова 40 жылдың ішінде тоқтап қалған 350 мыңға жуық сағатты қалпына келтірген (ВИДЕО)

Мавлюда Шерханова - ұйғыр ұлысының өкілі. Жарты ғасырдан астам уақыт сағат жөндеумен айналысып, Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабына енген Шерхановтар отбасының тұңғышы.

Шеберлік атадан балаға мұра болып қалған. Бүгінде бір әулетте 40 шебер бар. Бәрі сағат жөндеумен айналысады.

Мавлюда Шерханова 40 жылдың ішінде тоқтап қалған 350 мыңға жуық механизмді қалпына келтірген.

«Өткен жылы 8 наурызда Елбасымен кездесуге Астанаға бардым. Елбасымыз мені көпшіліктің алдында мадақтады. Күні бойы бір орында отырып, сағат жөндеу әйел адам үшін өте қиын екенін айтты. Мен Нұрсұлтан Назарбаевқа және барша Қазақ халқына алғысымды айтамын. Халқымыздың ауызбіршілігі Президентіміздің көреген саясатының арқасы деп білемін», дейді шебер.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу