«ЭКСПО-2017»:  Коста-Риканың ұлттық күні атап өтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО-2017»:  Коста-Риканың ұлттық күні атап өтілді

26.07.2017

Бейбітшілік пен еңбекті ұран еткен ел Коста-Риканың ұлттық күні «ЭКСПО-2017»-де атап өтілді. Орталық Америкада орналасқан мемлекеттен арнайы Астанаға келген делегаттар өздерінің елдерімен таныстырды. Бір жағында Тынық мұхиты, екінші жағында Кариб теңізі бар экзотикалық ел әскерден бас тартып, үнемі қарусыз бейбіт өмірді насихаттайды. Ол - Латын Америкасындағы қылмыс деңгейі ең төмен, қауіпсіз елдердің бірі. Әлемге бұл ел әсіресе, кофесімен танымал.

Ал, Қазақстанмен дипломатиялық қарым-қатынасты Коста-Рика 1996 жылы орнатқан. Бұл көрмеден кейін, қазақ халқының Коста-Рикаға деген қызығушылығы артып, ынтымақтастық беки түсетініне үмітті. Қос мемлекеттің достығына құрмет ретінде олар жиналғандарға музыкалық сый арнады. «Гиннес» рекордтар кітабына енген коста-рикалық музыкант Джованни Эскеланте саксофонда әуендер орындап, көпшілікті талантымен тәнті етті.

 

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу