Сайрамдағы балабақша Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайрамдағы балабақша Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін

25.10.2014
Сайрамдағы балабақша Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін

Еліміздегі ең үлкен балабақша Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін. Шымкент қаласына қарасты Сайрам ауылында ашылған мектепке дейінгі мекеме бір мезетте мыңға жуық баланы қабылдай алады. ТМД елдері бойынша теңдесі жоқ мекемеде қазір  тоғыз жүзден аса бүлдіршін «Балапан» бағдарламасымен тәрбиеленіп жатыр.

Елді мекенде балабақша тапшылығы жылдар бойы шешімін таппай келген. Осыны ескерген жергілікті кәсіпкер Низамхан Сулайманов мың балаға арнап балабақша салып берді.

Жалпы мың орындық балабақша оңтүстікті былай қойғанда  әлемде  жоқ көрінеді. Сондықтан мұнда жуырда ЮНЕСКО-дан адамдар келіп, Гиннес рекордтар кітабына енгізуді жөн санапты.

Айнұр АҚБАЕВА   

Хабарламаларға жазылу