Абьюзерге психологиялық көмекті сот тағайындайды - Психиатр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абьюзерге психологиялық көмекті сот тағайындайды - Психиатр

29.04.2024

Отбасының шырқын бұзғандарға мәжбүрлі түрде психологиялық көмек көрсетіледі. Бұл жайында жуырда қабылданған әйелдер құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заңда көрсетілген. Әзірге мәжбүрлі психологиялық көмек көрсетудің қосымша ережелері пысықталып жатыр.

Жалпы, абьюзерлікті анықтау халықаралық аурулар жіктемесінде жоқ. Сондықтан психиатр мамандар күдікке іліккен әр адамды жеке қарастырып, арнайы тесттен өткізіп оның абьюзерлік ауруы бар-жоғын анықтайды. Тұжырымдамасы сотқа жіберіледі. Осы ретте, оларға сеанстар тек соттың шешімімен тағайындалуы тиіс, дейді психиатр Нәби Есімов. Ал жалпы Заңда абьюзерлер 3 ай мен 1 жыл аралығында маманнан кеңес алуы керек деп көрсетілген.

Нәби Есімов, Республикалық психикалық денсаулық ғылыми - практикалық орталығы бас директорының орынбасары:

Біріншіден көмекке жүгініп отырған адамның ынтасы, мотивациясы болмаса онда психолог ол адаммен жұмыс істеуі өте қиын, екінші жағын қарасақ психолог науқастың немесе көмекке жүгінетін адамның мотивациясын ашу керек, ынтасын итермелеу керек, сонда ғана белгілі қорытынды болады. Болашақта заңның қабылдануы бұл тікелей біздің қоғамның психологиялық сауаттылығында ілгері дамуына ықпалын тигізеді деген ойдамын.

Әйгерім Ердаулет

Хабарламаларға жазылу