«Астана-Қызылорда» бағытына жаңа жүрдек пойыз шығады

«Тальго» жүрдек пойыздары еліміз бойынша жеті бағытта жүреді. Жыл соңына дейін тағы да «Астана-Өскемен», «Астана-Қызылорда» және «Алматы-Өскемен» бағыттарында пойыздар қатынайтын болады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Жуырда «Алматы-Ақтөбе» бағытына 23 вагоннан тұратын жаңа жүрдек пойыз шықты. Пойызда екі «Бизнес», екі «Гранд», 14 «Турист», мейрамхана және кафетерий вагондары бар.
Жыл соңына дейін билет құнына жеңілдіктер сақталады. Люкске 25, купеге 15 пайызға баға арзандатылған. Алматыдан Ақтөбеге дейінгі жол - 30 сағат. Бұрынғы пойыздар бұл аралықты 42 сағатта жүріп өтетін. Бастысы, жолаушылар уақыт үнемдейді.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыӨлім жазасы қылмыстың азаюына әсер ете ме?
19.10.2025, 20:01
Ішімдікті арнайы дүкенде ғана сату маскүнемдікті азайта ала ма?
19.10.2025, 20:00
Қызылорда қаласының астана болғанына - 100 жыл
19.10.2025, 20:00
АҚШ-та миллиондаған адам жаппай наразылыққа шықты
19.10.2025, 19:58
Парламенттік реформа: Не өзгереді?
19.10.2025, 19:55
Ипотека: Қандай өзгеріс болады?
19.10.2025, 19:53
Экономикаға түзету енгізіледі: Үкімет қандай шаралар қабылдауды ұсынды?
19.10.2025, 19:49
Астанада «Қазақстан Барысы – 2025» республикалық турнирі өтіп жатыр
18.10.2025, 17:16